Оңтүстік Корея президентінің әкімшілігі Украинадан ресми түсініктеме мен кешірім талап етті. Сеул Киевті Украинада тұтқынға түскен екі солтүстіккореялық сарбаздың Оңтүстік Кореяға жасырын жеткізілгені туралы ақпаратты келісімге қарамастан жариялады деп айыптап отыр, деп жазады Democrat.kz.
Дау Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясындағы сөзінде екі солтүстіккореялық әскери тұтқынның Оңтүстік Кореяға жіберілгенін айтқаннан кейін туындады.
Сеулдің мәліметінше, тұтқындарды беру мәселесі Украинамен бірнеше дипломатиялық арна арқылы талқыланған.
Оңтүстік Корея тарапы ақпаратты құпия сақтау жөнінде келісім болғанын және оны жария ету екі ел арасындағы сенімге нұқсан келтіргенін мәлімдеді.
Украина тарапы бұған дейін ақпаратты жарияламау туралы келісім болғанын жоққа шығарған.
Оңтүстік Корея президенті кеңсесінің өкілі Киевтің біржақты мәлімдемесіне өкініш білдіріп, ресми түсініктеме мен кешірім талап етті. Сеул қажет болған жағдайда қосымша шараларды қарастыратынын да хабарлады.
Оңтүстік Корея бұған дейін Ресей жағында соғысып, Украинада тұтқынға түскен солтүстіккореялық әскери қызметшілер Оңтүстік Кореяға барғысы келсе, оларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеген.