"Каспи қасіреті": Марқұм сарбаздың досы ауыр жазба жариялап, жұртты жылатты

"Каспи қасіреті": Марқұм сарбаздың досы ауыр жазба жариялап, жұртты жылатты

Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының бала күнгі досы Instagram желісінде марқұмға арналған ауыр жазба жариялады, деп жазады Democrat.kz.

Ол досының қайсар, намысшыл әрі мақсаты биік азамат болғанын еске алған.

Жазбадағы ең ауыр сөйлемдердің бірі — оның Олжастың судан қорыққанын айта отырып, неге суға секіргенін сұрауы.

Марқұмның досының сөзінше, Олжас ұзақ жыл білім алып, оқуын қызыл дипломмен тәмамдаған және бірден аға лейтенант шенін алған.

Ол әскери қызметті өзінің мақсаты деп қабылдап, болашағына үлкен жоспар құрған.

Досы бірге өткізген күндерін, ортақ әңгімелері мен орындалмай қалған жоспарларын еске алып, оның қазасына әлі де сенбейтінін жазған.

Жазба әлеуметтік желіде кеңінен тарап, оқырмандар марқұмның жақындарына көңіл айтып жатыр.

Барлық жаңалықтар