Танымал әнші Рамазан Стамғазиев өзінің кезекті сұхбатында саясатта жүрген әріптестеріне қатысты пікірін білдіріп, өзінің неге саясат сахнасына шықпайтынын айтты деп жазады Democrat.kz.
"Әріптестеріңіз Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербаев саясатта жүрді. Сіздің де саясатқа араласу ойыңыз бар ма?" Деген журналистің сұрағына Рамазан тамғазиев:
"Не бар ол жақта? Олардың сөзін біреу тыңдады ма, парламентте? Болмаса, Шерхан Мұртазаның сөзін біреу тыңдады ма біреу? "Жыланда ғана екі тіл бар" деп айғайлаған кісі сол емес пе?
Ал мен барғанда не өзгеруі мүмкін? Оның орнына мен қазақтың балаларына ән үйретейін. Білім берейін. Адамдық жолға салайын.
Әйтпесе, маған пәлен қызмет ұсынып, айтылғаны рас. Егер басқа жаққа кетсме, өз домбырамды тастауға тура келеді ғой? Бәрінен бас тарттым. Өйткені маған құдайдың аманаттағаны осы жол, әншілік және педагог болу"деді.