Танымал актриса Ақерке Арыс қазіргі өмірінің ерекше керемет екенін айтып, видео бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Таяуда Астанаға көшкен Ақерке Арыс оңтүстіктегі қарбалас тіршіліктен құтылғанына қуанатынын жеткізді.
"Шымкенттегі бітпейтін той, жиындардан құтылып, Астанаға келіп, өз өмірімді сүруді бастадым.
Шымкентте жиеннің құдасының көршісінің баласының сүндеті, нағашымның баласының әйелінің бөлесінің құдайы тамағы... Осындай бітпейтін жиындарда жүріп, өз өмірімізді сүруді ұмытып кеттік қой!
Ал қазір рахат! Қалаған уақытымда, жатам, қаласам, сыртқа шығып, қыдырамын" деді актриса.