Айгүл Иманбаевамен сұхбатында продюсер Баян Мақсатқызы жеке өмірі мен саулығына қатысты сырын ақтарды деп жазады Democrat.kz.
"Сенесің бе, шаршадым! Өмір бойы артық салмақ қоспау үшін тәттіден бас тартып, майлы тамақ жемей... шаршадым. Қазір аз-аздап печенье, анда-санда қалаған тамағымнан жейтін болдым.
Ал бетімдегі әжімнің жоқтығына келер болсақ, бұл генетикалық деп ойлаймын. Мысалы, менің анамда да әжім өте аз. "Шашыңды қатты тартып жинасаң, әжім болмайды" деу - күлкілі.
Мен шашымды өз ұнатқан соң, тартып жинаймын. Одан әжімнің түсу-түспеуіне ешқандай әсер жоқ", - деп күлді Баян Мақсатқызы.