"Бармағын шайнайды әлі" деген журналист Мөлдір Мұқанованың киносына пікір білдірді

"Бармағын шайнайды әлі" деген журналист Мөлдір Мұқанованың киносына пікір білдірді
 
Мөлдір Торғай!
Кеше кеште Мөлдір Торғайдың мұңы мен бағындырып жүрген биіктері жайлы шынайы өмірдің өзінен алынған фильмді ниеттес, пікірлес жақындарыммен барып көріп қайттым.
 
Соңғы кездері бір үлкен жұмысқа кіріп кеткеннен желіге уақыт бөле алмай, соңғы жаңалықтардан құр алақан қалып келеді екенмін. Кеше Рашиля тәтем ұшақтағы жайтқа байланысты деп пост салған екен, сол бейхабарлықтан оған "вникать" ете алмағанмын ғой.
 
Сол "вникать" етпеген күйі "Шәй в большом городе" фильміне тап-таза күйде жетіп бардым. Олай дейтінім, Жанат Қажығали мен Еркін Сейітжанов әлеуметтік желідегі "Бармай ақ қойыңдар, нашар фильм" деген пікірлерді оқып, алдын ала іштей нашар кино көруге дайындалыпты.
 
Мен өзімді көңілі ояу көрерменнің қатарына жатқызамын. Өйткені қандай бір театрлық қойылым, кинофильм, концерт, телехабар, тіпті күнделікті берілетін жаңалықтар болсын ол ешқашан ой таразыма салынбай өтпейді.
 
Құптасам құптадым, құптамасам ол пікірімді ашық айтуға да тырысамын. Ойым біреуді шенеу емес, қайта содан бір қоғамға, жұртқа пайдам тисе деймін. Барым сондай, бәлкім кемшілігім, бәлкім артықшылығым.
 
Кейде тоқталғым да келеді, бірақ "Көн қатса қалыбына барады" дегендей о бастағы табиғатыма қаланған негіз қоймайды. Айтпасам кейде ауырып та қалатын кездерім бар, шын сөзім. Сондықтан түйгендерім әрдайым көпшіліктің талқысында.
 
Ұнағандары:
Ең бірінші, алғашқы кадрларынан Астананың тынысы сезілетіні баурайды. Өте бір сәтті түсірілген, қапысыз сәтті таңдалған кадрлар.
 
Атқан таңмен, батқан күнмен басталатын тынымсыз Астана өмірінің кадрлерінде жылмаң-жылмаң етпей фильмге тер төккендердің барлығы көрсетілген титрді кәдімгідей оқисыз.
 
Сосын бәлкім басқалар селт етпес, ал әр торғайлықтық жүрегіне ыстық көрінетін "Торғай облысы" деген жазуды оқу жанымды жылытты. Ол Мөлдір-Макоштың балауса, балғын шағындағы кезең. Мөлдір мүлде мән бермей, қабылдамаған түбіт мұрт бозбаланың алғашқы сезімі. Шынайылығына сенесіз, болды ғой кімде де.
 
Моля, Мөлдір Макош емееес! Қалаға келіп қырланған, белгілі бір танымалдыққа ие болған, маңайында қолпашы көп, қымбат көлік, қымбат пәтер, бітпес бутиктердегі шопингке алданған ғұмырды көресіз.
 
Алданған емей немене, маңайындағы "достары" оның туған күніне келіп тұрып, жұрттан жасырып баннердегі суретін далапымен қып-қызыл, шиқандай етіп бояп, жақын достар отыратын төрдегі құрметті орында былш етпестен отыр.
 
Тоқтаңызшы, дос құрбымыз деген алдап жүрген жан сіздің де маңайыңызда жоқ па? Ойланып көрдіңіз бе? Ал балалықтың бал тірлігін бірге кешкен, Мөлдірдің туған күніне өздерінше тосынсый ретінде артынып -тартынып жеткен ауылдас қос құрбы ше?
 
Олар ең аяқта, қызмет көрсетушілермен бірге дастарқан басында. Моля оларды құрбым деуге қысылып жәй таныстарым дейді. Жарқ-жұрқ еткен жасанды өмір. жасанды дос, жар болудың өзін жасандылыққа құрған танымал әртіс, атағы болғанымен, жігіт деуге келмейтін мігіт сол туған күн дастарқанының үстінде Моляны масқаралап, үйлену туралы ұсынысты бас продюсердің қызына жасайды.
 
Ебіл-себіл, жауын астында жылаған Моляның қасынан ауылдан жеткен қос құрбысы ғана табылады. Қымбат киінген, қымбат подругалар жым-жылас. Фильмнің юморы керемет. Жеңіл күлкі мен кейде ащы мысқылы астасып көрерменді күлкімен желпіндіріп отырады.
 
Ол да астарында шындығы бар, шынайы өмірдегі көріністер, күмән тудырмайды. Күле отыра, кей тұс күлмейтін дүниеге күлетін болдық қой дегізеді.
 
Оқиға айналасы бар шамалы күнді ғана қамтиды. Бір-біріне жалғаса жетпейтін, басын тартсаң аяғына, аяғын жапқың келсе кеудең ашық қалар кедейшіліктің артында жасыранған дархан көңіл мен, жарқылдаған, мол ақшаның буымен дүниеқоңыздықтың артындағы былғанышты қарым-қатынас, жасандылықтан бойыңыз түршігеді. Күлдіре отыра жирендіре білу өнер емес деңізші.
 
Фильмнің финалы керемет. "Әйелдік нәзіктігімді, ішкі жан -дүниемнің әдемі әлемін ұмыттыпын, Жан жағымда адамдар көп, бірақ менің маңайымда шынайы достар жоқ. Тіпті сіздер де дос емесссіздер, рейтинг үшін шақырып отырыздар.
 
Менің жанымды ұғатын, қиналған тұста қасымнан табылатын қос құрбым бар" дейді Мөлдір. Мені балауса күнімнен жақсы көрген, мен оның шын махаббатын бағалай алмаған адам бар, Батыр, мен сені күтемін, өзің білесің қай жерде екенін дейді.
 
Енді бұл Моля емес, Макоштың сөзі, Өзінің сырт көзге сұлу, табысты, бақытты, ал шын мәнінде кірленген, аппақ әлемін алдамшы дүниелермен былғаған жанның тазалыққа ұмтылып, кешірім сұрай отыра ағаруы, әлемін, маңайын тазалауы.
 
Ол екінің бірінің қолынан келмейді. Фильмнің басты ойы көрерменге айтары да осы. Мен осылай тазарына аламын ба? Сіз ше? Кірлендіңіз бе, әлде мән бермей, байқамай жүрсіз бе?
 
Мөлдір осы фильм арқылы туған жеріне деген перзенттік сезімін де жеткізіпті. Есімде, талай өзі болғанның, Торғайданмын деуге арланғаны. Жасыратын.
 
Ал Мөлдір өзін Торғай депті, біреу Шымшық дейді. Бірақ ол -Торғай. Тарихта аты барТорғай! Елге бергені бар Торғай! Бірақ фильмде айтылғандай көзге ілгісі келмейтіндер әлі күнге Торғайды шымшық санайды. Жатыр ғой жолы салынбай. газы тартылмай, Торғайлықтар қазақ емес, Қазақ елінің азаматтары емес сияқты.
 
Айналайын Торғай деп соққан жүрегіңнен!
Ұнамағаны: Фильм медиа саласына арналғандықтан ба теледидардан танымал жандар рөлдерге тартылыпты. Өздерінің аттарымен шығып ойнап жүр.
 
Жарнамалық тұрғыдан бұл бәлкім өзін ақтап қалар, ал әртістік тұрғыда ол шеберліктің оңай шағыла қоятын жаңғақ еместігін көрсетті. Жетпей жатты . Екініші тілдің қолданысы.
 
Медиа саласынның ішкі өмірінде де, былайғы экранда да дұрыс сөйлеу мәдениеті сақталуы тиіс еді. Слух режет дегендей "отырық, жатырық тәрізді сөздер құлағыма түрпідей тиді.
 
Жеке пікірім: Мөлдірге респект! Жасырын несі бар, Мөлдірдің бүгінгі өмірі айнада. Елдің бәрі көз тігіп, көргенін көптіртіп, көрмегенін де көргендей ғып айтуға көшті. Мөлдір ер екен. Кемшілігін де фильм арқылы өзі айтты.
 
Отбасындағы мұңын да 14 жыл ұямды бұздырмаймын деген жанкештілігін де жанарын жасқа шылай отыра Жанар қызға сұхбатында айта алды. Жарын жамандау үшін емес, жанының жарасын жазсам деді. Үйдің бар тауқыметін, бала тәрбиесін, ағайынмен араластықты сақтай жүре шыдағанын жеткізді.
 
Рас қой. Барлығынан босатып, тек шығармашылығыңмен бол деп, жары шыққан биіктерге тасада отырып үлес қосу қашанда тек қазақ әйелінің ғана қолынан келеді. Мөлдір, Макош жасады ма соны? Жасады. Ері бағалай алмады ма? Не дейсіз? Бағалау түгіл таптады, ал Макош тапталмады, мықтысың Торғай қызы.
 
Алғашқы тырнақалдың жақсы шығыпты. Келесіде тілдік мәнер жөнінде өзім ақ кеңесшің болайыншы. Сен "Тіл танытқыштың" Отанынан нәр алған қызсың ғой, саған тіл бұзған фильм түсіруге болмайды.
 
Жаным сол, өмірде таныс болмасақ та, тілекшіңе айналды Анар тәтең. Шабыттан, енді өзің үшін, елің үшін еңбек ет. Бағаңды білмеген бармағын шайнайды әлі" деп жазды Анар Төлеухан. 
Барлық жаңалықтар