Танымал заңгер Шынқуат Байжан дінді спорттан, жастардан аулақ ұстау керегін айтты деп жазады Democrat.kz.
"Дінді спорттан, жалпы жасөспірімдерден аулақ ұстаған жөн! Қанды қаңтар қырғыны бойынша сотталған Жабайы Арман "сарбаздарының" 99% спортсмендер.
Дінге бой ұрған жастарды, спортсмендерді бағынышта ұстау қиын емес. Оған дәлел ҰҚК-нің бұрынғы басшыларының "500- ден астам сақалдылардың армиясы жөніндегі сұхбаты" ғана емес, имам Абдуғаппарды жерлеу кезінде Сарыағаштағы бірнеше мыңдаған жастардың "Аллах акбар"- деп ұрандатуы т.с.с.
ҚМДБ- жарғысында Бас Муфти мемлекет ісіне араласып Мемлекет қаржысына дайындалған спорттағы жастарға діни уағыз айтуға тыйым салынған.
Ол тек діни мекемелерде ғана өз қызметін жүргізуі керек. Бұрынғы муфтилер ешқашан бұлай жасаған емес, ал осы муфти қоғамның барлық саласына араласуын тоқтатар емес. Бұған тоқтам болуы керек!!!" Деп жазды Шынқуат Байжан.
Заңгердің бұлай жазуына Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтің спортшылар арасында жүрген видеосы себеп болған.