Бас мүфтидің мына әрекетін қалай түсінбек керек?

Бас мүфтидің мына әрекетін қалай түсінбек керек?
Қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайын Бас мүфтидің құзыретсіздігі мен ҚМБДның саясиланып бара жатқанына қатысты үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
 
"ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтің діни құзыретсіздігі мен оның басшылығындағы ҚМДБ-ның саясилануы қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс өте маңызды мәселе.
 
Осы күрделі проблеманы мен бұған дейін бірнеше мәрте бұқаралық ақпарат құралдарында көтердім, әрі үкіметке ресми түрде нақты ұсыныстар да жолдадым.
Алайда, өкінішке қарай, қандай да бір салмақты әрекет немесе жүйелі шешім қабылданған жоқ.
 
Мәселе тек бір адамның біліксіздігінде емес, Муфтият деген тұтас республикалық діни бірлестіктің қазіргі реакционды жағдайында боп отыр.
 
Ақиқатында қазақ халқының бай рухани мұрасы, көне дүниетанымы, фольклоры мен философиясы - 7-ші ғасырдағы классикалық Ислам дінінің қазақ даласына келместен бұрынғы кезеңнен басталатын терең мәдени қабаттарынан тұрады.
Алайда, бүгінгі мүфтият бұл рухани мұраны мойындамақ түгілі, оны жоққа шығарып, қазақтың бай дүниетанымын ортағасырлық араб фольклоры мен догматикасына сүйеніп түсіндіреді.
Бұл тек мәдени өзегімізден ажырау ғана емес, рухани отарланудың бір түрі дер едім.
 
Міне, осыны тоқтатып, мүфтиятты заман талабына сай қазақи форматта реформалау туралы арнайы петиция жазып, қол жинауға тырыстым.
 
Бірақ өкінішке орай, билік аталмыш бастамамды(петицияны) өткізбей қойды.
Керісінше, министр Aida Balayeva басшылық ететін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істері комитеті мүфтияттың кез келген әрекетін қолдап, Наурызбай Өтпеновке ашықтан-ашық "адвокаттық" жасады.
 
Меніңше бұл мемлекеттің зайырлы қағидаттарына да, діни плюрализм мен пікір еркіндігіне де қайшы.
Дін саласы мұндай тар шеңберлі діни топтың монополиясында қалмауы керек.
 
Ең сорақысы халықаралық деңгейдегі моральдық дилеммаларға немесе түйткіл мәселелерге қатысты мүфтияттың екіжүзді ұстанымы.
 
Мәселен, Қытайдағы мұсылман қазақтардың жүйелі түрде репрессияға ұшырап, мешіттерінің шошқа қорасына айналдырылып, Құранның аяқ асты боп,әжетханаға тасталғанына мүфтият тарапынан қарсылық ретінде бірде-бір нақты ресми мәлімдеме жасалмады.
 
Ал кеше ғана Астанада Наурызбай Өтпенов пен оның имамдары Украинаға қарсы агрессияны "қасиетті соғыс" деп сипаттап,
діни пәтуа берген Ресей православ шіркеуінің патриархы Кирилл Гундяевпен бірге мақтанышпен фотоға түсіп, "фотосессия" жасады.
 
Кирилл Гундяев ол соғысқұмар
Путиннің ең басты діни-саяси идеологы.
Оның саясиланған діни пәтуасы миллиондаған бейбіт украиндықтардың қырғынға ұшырауына моральдық негіз қалап берді.
 
Осындай "русский мир" идеясының насихатшысымен қатар тұрып, мақтанышпен күліп, суретке түсу кімнің кім екенін анық көрсетті.
 
Ағайын айтыңыздаршы Наурызбай Өтпенов басшылық жасайтын қазіргі мүфтияттың Путинді «Махди» санайтын, яғни оның зұлымдығын саяси-діни астармен ақтап алатын Исматулла, Зікірия Жандарбек, Светқали Нұржан,т.б сияқты сопылық бағыттағы пропутиншіл идеологтардан
қандай айырмашылығы бар?!
 
Қалай ойлайсыздар мүфтият бүгін билікке тәуелді, дәстүріміз бен қазақ руханиятын араб фольклорынан бастау алатын қып көрсететін, яғни ұлттық-мәдени мұрадан алшақтаған, тіпті сыртқы геосаяси ойындарға құрал болып отырған құрылымға айналып кеткен жоқ па?!"деп жазды Тұрарбек Құсайын.
Барлық жаңалықтар