Бәсекені бұзған компанияларға жылдық табысының 0,5 пайызы көлемінде айыппұл салынуы мүмкін

Бәсекені бұзған компанияларға жылдық табысының 0,5 пайызы көлемінде айыппұл салынуы мүмкін

Қазақстанда монополияға қарсы заңнаманы айтарлықтай күшейту ұсынылды. Бәсекелестікті қорғау агенттігі заң бұзған компанияларға жылдық табысының 0,5 пайызы көлемінде айналымдық айыппұл енгізіп, тергеу мерзімін тоғыз айға дейін ұзартуды жоспарлап отыр, деп жазады Democrat.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы заңнамаға арналған ауқымды түзетулер пакетін әзірлеп жатыр.

Өзгерістер Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстанға берген сараптамалық ұсынымдары негізінде дайындалған.

67 ұсынымның ішінен агенттік 23 негізгі бағытты қолдаған.

Ұсыныстардың бірі — бәсекелестік нормаларын бұзған компанияларға белгіленген сомамен емес, оның жылдық табысына байланысты айыппұл салу.

Агенттік мұндай айыппұлды компанияның жылдық табысының 0,5 пайызы көлемінде белгілеуді ұсынып отыр.

Сонымен қатар күрделі монополияға қарсы істерді тергеу мерзімін тоғыз айға дейін ұзарту қарастырылған. Өзгерістер әзірге заңнамалық ұсыныс деңгейінде. 

Барлық жаңалықтар