Жамбыл облысында шекара бекеті арқылы өтетін жүк, жолаушылар, жеңіл және транзиттік көлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалады деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Операцияны полиция мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп өткізген, деп жазады Democrat.kz.
Күдіктілер 23 қыркүйекте ұсталған.
Тергеу нұсқасы бойынша, топ мүшелері Жамбыл облысындағы шекара бекеті арқылы өтетін жүргізушілерден жүйелі түрде ақша талап еткен.
Олардың назарына тек ауыр жүк көліктері ғана емес, жолаушылар, жеңіл және транзиттік көліктер де түскен.
Ұстау операциясына полиция қызметкерлерімен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменті қатысқан.
Қазір күдіктілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады.