"Басын кесіп алған, бөлек жерледік" деген Елдос "колобоктың" анасы өміріндегі сұмдықты айтты

"Басын кесіп алған, бөлек жерледік" деген Елдос "колобоктың" анасы өміріндегі сұмдықты айтты

Танымал тамада Елдос "колобоктың" анасы Жанат ханым "Құпия подкастқа" берген сұхбатында ел білмейтін сұмдық оқиға туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Балаларымның әкесі қайтыс болғанда, есімнен адасып, қатты қорықтым. Өйткені мен тек бала қарап, үйде отырғанмын. Күйеуім ет сатты. 

Шымкент жақтан ет таситын. Оны бір күні атып кетті. Не болғанын білмеймін. Сол күні шығып бара жтқанында екеуміз біраз сөйлесіп, тұрдық. 

Шымкентке оны алдап шақырған екен ақша үшін. Сол жақта өлтіріп, өртеп кеткен екен. 

Күйеуімнің денесін бөлек, басын бөлек жерледік. Басын тексеруге кесіп алып қалған. 

Басын денесінен кейін бірнеше күннен кейін әкелді. Өзім апарып денесінің қасына өзім апарып жерледім" деген Жанат ханым ол ауыр күндердің көбін қазір ұмытып қалғанын айтты. 

 

Барлық жаңалықтар