Әнші Мақпал Жүнісова әріптесі Нұрболат Абдуллин туралы игі тілектерін айтып, халықты концертке шақырды деп жазады Democrat.kz.
"Нұрболат бауырым сахнаға алғаш қадам басқанда,бірге Қазақстанды бірнеше мәрте аралап концерт берген болатынбыз.
Бір көргеннен,бір тыңдағаннан болашағы бар бала деп,барынша қолдауымды білдіріп,білгеніммен бөлісіп батамды берген болатынмын.
Міне,әне-міне дегенше,бауырымның өнерде жүргеніне биыл 10 жыл да болып қалыпты.
21 қыркүйек күні бергелі жатырған кешің құтты болсын,жақсы өтсін,тілекшімін!"деп жазды Мақпал Жүнісова.
Сонымен қатар Мақпал Жүнісова бұл концертке өзі қатыса алмайтынын айтып: "Батамды бердім, бірақ мен бара алмаймын" деді видеосында.