Батырхан Шүкеновтің баласы ел білмейтін құпиясын жариялады

Батырхан Шүкеновтің баласы ел білмейтін құпиясын жариялады

«Еуразия» бірінші арнасының «Қайырлы таң, Қазақстан» бағдарламасына марқұм әнші Батырхан Шүкеновтің ұлы Мақсұт Шүкенов келіп, өз естілігін айтты, деп жазады Democrat.kz. сайты Tizgin.kz.-ке сілтеме жасап. 

Мақсат Нүкеновтің өзі де әнші. Өмірін әкесі сияқты музыкамен байланыстырады. Бағдарлама жүргізушілері әкесі жайлы естілігін айтуды өтінді. Мақсұтқа «Батырхан ағамыз үйде қандай әке еді?» деген сұрақ қойылды.

«Үйде ол өте сабырлы адам еді. Үйге қатты шаршап келетін. Оны түсінемін. Үйге келгенде рахаттанып демалатын. Фортепианоның алдына отырып, әдемі ән орындайтын. Естелігімнің бәрі бар. Өте мейірімді, мықты әке еді», — дейді Мақсұт Шүкенов.

Мақсұт әкесінің репертуарындағы әндердің бәрін жақсы көретінін, ішінде «Джулия» қатарлы әндерді ерекше бағалайтынын айтты. Әнші әкесінің әндерін қайта жаңғыртып, альбом шығарғалы жатыр. «Күтіңіздер, ол мінсіз болады» деп уәде береді.

«Бұл жаңа альбом болады. Сіздер кезінде қалай керемет ән айтқанына, әлемдік деңгейдегі әртіс болғанына көз жеткізесіздер. Бейнебаяны жайлы білмеймін, керемет идея екен. Ойлап көруім керек», — дейді ол.

БАТЫРХАН ШҮКЕНОВ ЖАЙЛЫ

Батырхан Шүкенов – қазақ музыкасының тарихында өшпес із қалдырған тұлға. Ол тек әнші емес, терең сезім мен шынайылықтың символына айналған өнер иесі болды.

1962 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген Батырхан бала кезінен музыкаға құштар болып өсті. Ленинград консерваториясын тәмамдаған соң, әйгілі A’Studio тобының негізін қалап, бүкіл ТМД кеңістігінде танымал болды. Топтың «Джулия», «Нелюбимая» сияқты әндері заманының хитіне айналды.

Кейін жеке шығармашылық жолға түскен Батырхан ұлттық әуен мен заманауи стильді үйлестіре білді. Оның «Отан ана», «Қайран күндер», «Сағыныш» сияқты туындылары қазақ тыңдарманының жүрегін тербеді.

Батырхан Шүкенов 2015 жылы өмірден өтсе де, оның дауысы мен адамгершілік бейнесі халық есінде мәңгі сақталды. Бүгінде елімізде жыл сайын оның құрметіне арналған еске алу кештері мен музыкалық байқаулар ұйымдастырылып келеді.

Барлық жаңалықтар