Әнші Қыдырәлі Болманов өзіне ренжитін кей кісілерге жауап беріп, қолындағы жүзіктердің құпиясын ашты деп жазады Democrat.kz.
"Көптеген адам қолыма тағылған жүзіктерге ренжулі екен. Одан қалса, очки кисек те жақтырмайтындар көп екен.
Негізі бұл сақиналарды қасиетті Меккеге барғанда ырымдап алған едім. Көп қылып тағып алғаным, көз маған емес, сол жүзіктерге түсуі үшін еді.
Ал очкиге келсек, әр тойда найзағайдай жарқ жұрқ етіп, неше түрлі түрлі түске боялып жататын шамдар көп. Концерттерде де солай.
Көзімізді қорғаудың бір амалы осы. Жолда жиі жүреміз. Түнделетіп ұшып, таң атпай тұрып, ұйқымыз қанбай "қызылкөз" болып, шаршап жүретін де кезіміз бар. Не киінеміз, не тағамыз ол біздің жеке басымыздың ісі. Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұлдарымыз.
Қалай өзімізге ыңғайлы, солай киінеміз. Ашық шашық жүрмейміз. Өз басым ешкімге неге кидің, не кидің деп көрмеппін.
Өйткені қақым жоқ. Өзім сияқты өз бетімен өмір сүріп жүрген,ештеңесі кем емес, ақылы төмен емес, бір де бір адамға жөн сілтеп, ақыл айтып көрмеппін.
Өйткені өз ақылым өзіме әрең жетеді. Сіздер көп ақылды қайдан аласыздар? Адресін вацапқа лақтырып жібересіздер ме?"деп қалжыңмен сөзін бітірген әнші жұртқа жақсылық тіледі.