Қоғам белсендісі Арман Бердалин бір жазба жариялап, үлкен сынның астында қалды деп жазады Democrat.kz.
"Абайды бастан ұрып, Біржанды байлап, Бекболатты бездірген елдің сахнасына Дже Ло деген жалаңаш қатын шықпағанда кім шығады?!.
Бес ғасырыңды жырлап берген Бекеңе "арабқұл" деп ат қойып, айдар таққандар жалаңаш қатынның концертіне барған 25 мың адамды кімнің құлы дейді екен?" Деп жазды Арман Бердалин.
Әйтсе де, оқырмандары оның бұл жазбасын қолдау былай тұрсын, ауыр сөздер жазып, сынап тастады.


