Бектенов қысқы Олимпиадаға дайындық барысы туралы айтты

Бектенов қысқы Олимпиадаға дайындық барысы туралы айтты

Премьер-министр Олжас Бектенов салалық спорт федерациялары спорт түрлерін дамыту және спортшыларды жан-жақты даярлаудағы басты рөл атқаратынын атап өтті деп жазады Democrat.kz.

 Солардың деңгейінде ұлттық командалар, жаттықтырушылар құрамы мен спорт резерві жасақталып, нақты спорт түрлерін дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы айқындалады.

2024 жылы Канвон қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың табысты өнер көрсетуін спорт резервін дайындаудың маңызды нәтижесі ретінде атауға болды. 

«Бұл жетістікті алда Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында одан әрі нығайтып, еселей түсу қажет.

Жалпы спортшыларымыздың ішкі тәртібі, табанды, алғыр және нағыз командалық рухы оларды жеңіс жолына жетелейді деп сенеміз. Жаһандық додада әділ сайыс, мықты ерік-жігер және үздік нәтиже тілейміз!

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин өзінің қайсар рухымен спортшыларымыздың жігерін жанып, жеңіске ынталандырады.

Еліміз сіздерді мақтан тұтады әрі зор сенім артады»,

 — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

 

Барлық жаңалықтар