Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен кездесті

 Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен кездесті

Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады деп жазады Democrat.kz.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады. Кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Қазақстан-Ресей қатынастарын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде шекара маңы ынтымақтастығының рөлі атап өтілді. Орынбор облысы – Қазақстанның маңызды серіктесі және елеулі көлік-логистикалық торабы. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға ұлғайып, $627 млн-ды құрады.

 

Барлық жаңалықтар