Белгілі блогер еркектерді желіктірген Назарбаевтың тоқалын орынына қойды

Белгілі блогер еркектерді желіктірген Назарбаевтың тоқалын орынына қойды

Болат Назарбаевтың атышулы тоқалы  Динара Әлжаның  «Қыдырмаған еркек –  еркек емес» деген сөзіне Алпамыс атымен танылған блогер ұтымды жауап қатты,  деп жазады Democrat.kz.

Өзін айналшықтаған миллионер еркектермен мақтанған Әлжан «Еркек жүруі, қыдыруы керек. Достарымен шықпаса, басқа әйелдермен сөйлеспесе, ол еркекті жалықтырады» деген еді.

Бұған ашуы келген Алпамыс: «Нағыз еркек сенен жалықтым емес, сенімен бірге қартайғым келеді деген сөздерді айтады. Сен, ер азаматтың мен қазір қыдырып келейін деп жалғыз кетіп, басқа қыздармен сөйлескеніне емес, сол ер азаматыңмен бірге осы өмірдің қиындығына шыдауың керек. Досым, бауырым, сенің отбасың – сенің құндылығың. Ертең қартайған кезіңде қасыңда баня мен саунаға шақыратын достарың мен қыздар емес, үйіңде отырып, бала туып берген әйелің болады», – деп замандастарын Әлжанның кеңесіне құлақ аспауға шақырды.

Барлық жаңалықтар