Белсенді мұғалім депутатқа ұсыныс жасады: Кей директордың қылығы қорқынышты

Белсенді мұғалім депутатқа ұсыныс жасады: Кей директордың қылығы қорқынышты
Танымал белсенді ұстаз Айман Сағидулла Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовке ұсыныс жасады деп жазады Democrat.kz.
 
"Асхат Аймағамбетов мырза, "Педагог мәртебесі " заңына өзгеріс енгізіліп жатқанын айттыңыз.
Ұсыныс бар.
 
1. "Егер мұғалім сабақта немесе сабақ басталар алдында ауырып қалса, ауруханаға баруға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда мектеп басшылығы мұғалімді жұмыстан уақытша босатуға немесе жедел жәрдем шақыруға міндетті .
 
Егер мектепте мұғалім денсаулығы мен өміріне қауіп төнетін болса, мектеп басшысы жауапкершілікке тартылады ,"-деген жолдарды енгізуді сұраймын.
Ашып жазып бермесеңіздер түсінулері қиын.
 
Жауапкершіліктің түрлерін анықтап жазсаңыздар да жақсы болар еді.
 
Неге бұл маңызды екенін түсіндіре кетейін.
Бүгін мен ауырдым. Аурухана мен мектептің арасы 50 метр ғана.
 
Директорға хабарладым және ауруханаға барып, дәрігерге тексеріліп келу үшін сұрандым. Әрі кетсе 30 минут уақыт кетеді. Маған рұқсат бермеді.
 
-Сабағыңды кім өтеді? Жібере алмаймын,-деді. Жібермеді.
Өте нашар күйде болдым.
 
Менің айқасып тұруға шамам келмеді, ауырып тұрған соң шығып кеттім.
Бір әріптес апайым, жағдайымды көріп, ауырып тұрғанымды естіп, директорға кіріп, рұқсат алып , мені ауруханаға жіберді. Бақытты болсын!
 
Ауруханаға барып, дәрігерге қаралып, келесі сабаққа қайта келдім. Дәрі ішіп алып ,
ауырған күйімде сабақ өттім. 
 
Дәрігер дәрі жазып берді. Қосымша тексеруден өту керек тағы.
 
Егер әлгі апай болмаса ,мен ауруханаға бара алмас едім.
Осындай директорлар көп бізде.
Мұғалім де адам. Мұғалімнің де үйінде күтіп отырған балалары бар.
 
Бұндай жағдайда ең бірінші адам өмірі мен денсаулығы маңызды болуы тиіс.
 
Жұлдыз Сүлейменова ханым! Сіздің де назарыңызға !
Мені қолдап, заңға енгізуге ықпал етуіңізді сұраймын.
Менің ғана мәселем емес. Бүкіл мұғалімге қатысты мәселе.
 
Кейде бізді робот деп ойлап қалатын директорлар бар өкінішке орай.
Әрі қарай жазбам Алматы облысына арналады. Алматы облыстық Білім басқармасы!
Қарасай ауданы Білім бөлімі!
 
Директорларға адам өмірі мен денсаулығының маңыздылығын түсіндіру керек.
 
Әлі ауырып тұрмын. Екі кештің ортасында туысыма барып дәрі салдырдым. Өмірім мен денсаулығымның жұмыс берушінің алдындағы арзандығы мен құны жоқтығы өкіндірді мені"деп жазды Айман Сағидулла.
Барлық жаңалықтар