Белсенді ұстаз Оқу ағарту министріне үндеу жасады

Белсенді ұстаз Оқу ағарту министріне үндеу жасады

Белсенді ұстаз Азамат Сәмбетқұлов министр Жұлдыз Сүлейменоваға үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

"Құрметті министр ханым! Сынып жетекшілеріне жалақыны Қазақстандағы ең төменгі жалақымен бірдей етіп, яғни 85 мың теңге көлемінде  бекітуді, оны жеке штат ретінде қарастыруды сұраймыз. 

Себебі сынып жетекшілері бір айда 4-5 рет "сынып сағатын" өтеді. Әр сағатқа орта есеппен 5000 теңге деп есептесек, сынып жетекшілері кем дегенде 22500 теңге алуы керек болатын. 

Одан бөлек, сынып жетекшілерден талап етілетін  құжаттардың нақты бір нұсқаулығын бекітуді сұранамыз. Себебі әр тексеруші келгенде, әртүрлі құжаттарды сұрап, миды ашытады. 

Сынып жетекшісі өзіне бекітілген сыныптың оқушылары үшін отбасымен өткізуге тиіс уақытын сарп ететінін ескерсеңіздер екен" дейді Азамат Сәмбетқұлов.

 

Барлық жаңалықтар