Бүгін Сенатта тілшілер мораторий аяқталғаннан бері бір аптаның ішінде елде жанармай құны қаншалықты өскенін сұрады.Елдің ішкі нарығында бензин тапшылығы жоқ. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов мәлім етті деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Kaz.inform.kz.-ке сілтеме жасап.
— Жанар-жағармай саласында баға нарықтық жолмен қалыптасатыны белгілі, яғни қазір біз оны реттемейміз. Баға өзгеріп жатқан жоқ. Бірінші кезекте, баға сұраныс пен ұсыныс жағдайына қарай құрылады. Қазіргі кезде елде жанармай тапшылығы жоқ. Елде 600 мың тоннаға жуық бензин мен 600 мың тонна дизель отыны бар, — деді Санжар Жаркешов.
Бұл ретте ол жанармай қоры жеткілікті екенін атап өтті. Сондықтан ішкі нарықта тапшылық болмағандықтан, отын бағасын өсіруге негіз жоқ.
— Жалпы, уәкілетті органдар бұл нарықтағы жағдайды үнемі бақылап келеді. Осы орайда бензин мен дизель отынына бағаның негізсіз әрі күрт өсуіне жол берілмейді, — деді вице-министр.
https://kaz.inform.kz/news/benzin-bagasina-katisti-eleul-ozgers-bolui-mumkn-be-359e89/