Абай облысының әкімі әлеуметтік желіде қазақша сөйлемегені үшін Қытай азаматтарына шүйліккен отандастары туралы сөз қозғады, деп жазады Democrat.kz.
«Неге қазақша сөйлемейсің?» деп қытайға заңсыз тиісіп отыр олар. Ертең сотталады. Қытай дегеннен қашпау керек. Халықты адастырып, қытайға қарсы қоюға болмайды. Қайта оларға көмектесіңіздер!
Бүкіл әлем Қытайдың инвестициясына зәру, соған таласып жатыр. Ақшаны көрші тұрған олардан тасымағанда, Италиядан тасимыз ба? Қытайлар ойнап жүрген жоқ, біздің жолымызды салайын деп жатыр. Олардың талабына сай жұмыс істей алатын болса, неге жергілікті мамандарды тартпасқа?! Қаншама жыл өзіміздің темір жолды «саламыз-саламыз» дедік, бірақ ешкім салмай қойды ғой. Айналып келіп қытайларға салдырайық деп жатырмыз, – деді зіркілдей сөйлеген облыс әкімі.
(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)