Берік Уәли "түрмеде отыруға тиіс" адаммен қалай кездескен?

Берік Уәли "түрмеде отыруға тиіс" адаммен   қалай кездескен?
Абай облысының әкімі Берік Уәлиге қатысты әлеуметтік желіде түсініксіз бір ақпарат тарады деп жазады Democrat.kz.
 
Журналист Серік Хасенов өз жазбасында әкім Берік Уәли мен жұрт түрмеде отыр деп жүрген Арман Әбілтаевпен суретке түскенін жариялап, сұрау салды. 
 
"Берік Уәлиді осы күні жер көкке сыйғызбай мақтап жатыр ғой. Жә, мақтай берсін… бір қынжылатыным бүкіл тойға қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінді ғой… егер Берік Уәли өзі демеуші тауып, сол аймақтың байларымен байламға келіп тойды атқарып шықса құба-құп еді, менеджерлігіне сәл болсын қолпаш айтар едік.
 
Маған мембюджеттен ақша берсе, менде Абайдың тойын Париж не Дубайда да жасай алар едім… жә, әңгіме ода емес еді…
 
Мына суретті көріп тұрсыздар ғой, Берік Уәлиді таныған шығарсыздар. Жанында тұрған кісі Арман Әбілтаев деген кісі. 2015-ші жылы “Әліби ісі” деген атпен резонанс туғызған оқиға естеріңізде шығар.
 
24 жасар Әліби деген жігітке әлімжеттік жасаған олигарх Қайрат Жұмалиев пен оның жүргізушісі және үшінші осы Арман Әбілтаев еді. Енді қызығы сол кезде Жұмалиев 13 жылға, осы Әбілтаев 12 жылға сотталған болатын.
 
Оқиға 2015 болды десек, 12 жыл сотталған адам тек 2027-де бостандыққа шығуы керек еді ғой…
Берік Уәлидің жанында Арман Әбілтаев қайдан табылды? Мегамозг мененджер һәм ұлтының бағына туған әкім Әбілтаевпен қандай жоба жасамақ?
 
Берік Уәли бәрін білуші ғой, жолығып жатсаңыздар сұраңыздаршы түрмеде болуы керек адаммен кеңседе қалай фотоға түсіп жүр?!
 
Мүмкін мегамозг менеджер әкім уақыт машинасын жасап шығарған шығар. Мүмкін сурет 2028-ші жылы түсіріліп, бізге мегамозг менеджер мен досына ертерек тамсану бақыты бұйырсын деп жариялап қойған шығар…" деп жазды Серік Хасенов
Барлық жаңалықтар