Бес күндік оқу кестесі: Пайда берді ме, әлде зиян шектірді ме?

Бес күндік оқу кестесі: Пайда берді ме, әлде зиян шектірді ме?
Танымал қоғам белсендісі Бола Нұрхожаев қазіргі оқушылардың денсаулығы мен қабілетіне қатысты өзекті мәселені көтерді деп жазады Democrat.kz.
 
"2016 жылы Назарбаев Парламент депутаттарына мектептерде 5 күндік оқу кестесін енгізуді ұсынды. Балалар да, мүғалімдер де шаршаңқы, себебі жүктеме көп, әлем елдерінде 5 күн оқиды, бала демалуы керек деп уәждеді.
 
Ол кездегі Білім Министрі Сағадиев ләббай тақсыр деді де, сабақтың сағатқа да сыймайтынын ескермей, ол жағы реттелмей тұрып енгізді де жіберді.
Нәтижесінде, ол жетпеген уақытты қәзір бала денсаулығы, сауаттылығы есебінен алып отырмыз..
 
Енді балалардың, мүғалімдердің шаршаңқылығы азайды ма, балалардың білім деңгейі артып кетті ме?
Жалпы, бұндай реформалардың бәрі жан-жақты зерттеліп, болатын салдарлаы ескеріліп барып шешілуі тиіс.
 
Бірақ бізде бір басшы денсаулық, білім, құрылыс, экология, барлық жағынан маман, оған ешкім мынауың қате болады деп айтпайтын болсақ, ләббайшыл билік пен орындаушылар балалардың өзіне осындай "эксперимент" жасай береді..
 
Ал жергілікті билік оның солай болғанын біле отыра, тағы да жоғарыға қарап аузын ашып, өзгеріске бастамашылық жасауға, бірдемесі дұрыс болмай қалып басымыз кетер деп қорқады.
 
Сөйтіп отырып, бала құқы, бала денсаулығы, балалар біздің болашағымыз, бар жақсылықты балаларға жасау керек деп көкитінін қайтерсің" деп жазды Болат Нұрхожаев. 
 
 
 
Барлық жаңалықтар