Қоқыста жатқан бесікті жоғары көтеріп қойған әйелдің видеосы желіде талқыланып жатыр.
Видео авторының жерде қоқыста былғанып жатқан бесікті көріп, жаны ауырған.
«Баяғыда әкеміздің әкесінің бесігіне жатушы едік. Обал-ай, періштелер жататын жер ғой. Ең құрығанда жоғары шығарып қояйын… не болып бара жатырмыз», — деді әйел
Желідегілер әртүрлі пікір қалдырып жатыр.
«Үлкендер жоқ соны түсіндіретін», «дәстүрден жұрдай болып бара жатырмыз», «қазақ бесік, қазан, шаңырақты тастамаған», деп жазып жатыр олар.