"Бетіне жасыл дәрі жағып, зорлаған": Желіде шымкенттік "есірткі курьерлерін" қорлаған видео тарады

"Бетіне жасыл дәрі жағып, зорлаған": Желіде шымкенттік "есірткі курьерлерін" қорлаған видео тарады

Желіде Шымкенттегі есірткі курьерлеріне түрлі қорлық жасап, ұрып-соққан, зорлаған видео тарады деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz -ке сілтеме жасап. 

19 жастағы жігіт пен қызды ұрып-соғып, қорлайды, белгілі бір Артурдан бірнеше рет кешірім сұрауға мәжбүрлейді, бетіне жасыл дәрі жағады. Тіпті қызды шешінуге мәжбүрлеп, соны видеоға түсірген.

Шымкент полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, төрт күдіктіні қамауға алды.  “Озбырлық” және “жыныстық зорлық-зомбылық көрсету” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті түрде анықтауға бағытталған бірқатар тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында жәбірленушілердің заңсыз есірткі айналымына қатысуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тексеріледі", –  деп түсіндірді полиция департаменті. 

Барлық жаңалықтар