Білдей педагогтың жұмыс кабинетіндегі тірлігі қызу талқыға түсті

Білдей педагогтың жұмыс кабинетіндегі тірлігі қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Абай облысының Бородулихинский ауданындағы балабақша меңгерушісінің жұмыс кабинетіндегі біртүрлі фотосы жұрттың талқысына түсті деп жазады Democrat.kz. 

Инстаграм әлеуметтік желісінде тараған фотода еліміздің көк байрағы тұрған жұмыс кабинетте шаш бояу процесінің жүріп жатқанын анық байқауға болады. 

Фотоны желіде таратқан парақша: "Майкенова Айнұргүл Нұртайқызы — "Солнышко" балабақшасының басшысы, Абай облысы, Бородулихинский ауданы" деген жазбаны қосып жариялаған. 

Аталған суретке қатысты жұрттың пікірі екіге бөлінді. Бір тарап "масқара, педагог деген атына сын емес пе", "кабинетте шаш бояғаны несі" десе, екінші тарап "онда тұрған не бар, Айнүргүл Нұртайқызы жұмыстан қолы босамайтын, өз ісіне мықты адам", "фотоны не мақсатпен жариялап отырсың, керегі не" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар