Әлеуметтік желіде 19 жастағы қыздың жігітіне өз қалауына қарсы интимдік қатынас талап еткені туралы жазба тарады. Пост авторының айтуынша, қыз күніне жеті рет интимдік қатынасқа баруды талап етіп, жігіттің қарсылығына қарамаған. Кейін ультиматумдар мәжбүрлеуге ұласып, жағдайға полиция араласқан. деп жазады Democrat.kz.
Жазбада бұл қарым-қатынас жігіт үшін «қорқынышты жағдайға» айналғаны айтылады. Қыздың интимдік қатынасты күніне жеті рет талап еткені, мұны жігіттің еркіне қарамастан жасағаны жазылған.
Пост авторының мәліметінше, жағдай ультиматумдар мен мәжбүрлеуге ұласқаннан кейін полиция іске араласқан.
Жазбада оқиғаға қатысты негізгі ой да айтылған.
«Бұл резонансты жағдай зорлық-зомбылықтың гендері болмайтынын, ал “жоқ” деу құқығы әр адамда бар екенін дәлелдейді», – делінген жазбада.
Посттың соңында оқырмандардан бұл жағдайға қатысты пікір білдіру сұралған.