Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы 23 мамыр күні оқудан шығарылды. Осы мәселеге қатысты бірнеше депутат пен заңгер дабыл қақты деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында депутат Ирина Смирнова оқудан шығарылған оқушы туралы хабарлап, "Назарбаев зияткерлік мектебі баланың құқығын бұзып отыр" деп мәлімдеп, тиісті органдардың осы мәселеге назар аударуын сұрады.
Дәл осындай мәлімдемені заңгер Жангелді Сүлейменов те жасады.
Алайда аталған мәселеге қатысты білікті ұстаз Өмір Шыныбекұлы қарсы пікір білдірді.
Өзінің әлеуметтік желі парақшасында:
"Емтихан тәртібін бұзып қана қоймай, мұғалімді тілдегені үшін мектептен шығарылған оқушы төңірегінде қызу пікірталас басталды.
Белгілі заңгер Жангелді Сүлейменов "Оқушыны мектептен шығарғандар жазалансын" десе, Aida Alzhanova атты желі қолданушы былай депті:
Депутаттар Әбенов пен Смирнова НЗМ-нің бір оқушысын оқудан шығару ісіне қатысты ашық пікір білдіріп, наразылықтарын білдірді.
Алайда Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) жеке заңмен реттеледі және оның құрылымында вице-премьер, министрлер мен бұрынғы министрлерден құралған Қамқоршылар кеңесі бар.
Бұл мектептер корпоративтік басқару қағидаттарына сай жұмыс істейді, ал ішкі тәртіп ережелері сол Қамқоршылар кеңесімен келісіліп бекітіледі.
Ережелерде тәртіптік бұзушылықтың барлық түрлері мен олардың деңгейлері нақты көрсетілген. Сол себепті бұл оқушыны оқудан шығару – ата-аналар мен оқушының алдын ала хабардар болуға тиіс болған, сол ережелерге сай жүзеге асқан шешім. Бұл жағдайда екі маңызды қағида бұзылған – академиялық адалдықты сақтау және мектеп қауымдастығына құрметпен қарау. Яғни, егер ол тіпті еден жуушыны қорласа да – дәл сол тәртіптік ережелер бойынша қаралатын еді.
Ережелер сізге ұнауы да, ұнамауы да мүмкін, бірақ халық арасында айтылатындай: "Басқа біреудің монастырына өз тәртібіңмен баруға болмайды."
Егер бұл тәртіптерге көңілің толмаса – ұйымға мүлде кірме немесе ашық қоғамдық талқылау арқылы оны өзгертуге тырыс.
Бұл оқиғада мені оқушыдан гөрі, осы мәселеге қатысты пікір жазып, қоғамда ықпал қалыптастыруға тырысып жатқан депутаттар көбірек алаңдатады.
Олар НЗМ ережелерінен бас тартуға мәжбүрлеуге тырысып отыр. Айтпақшы, дәл осы екі депутатты біз сайлаған жоқпыз – олар бізге беймәлім партиялық тізімдер бойынша өткен.
Сондықтан да болар, олардан ешқашан сайлау заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныс естімейміз. Себебі, мүмкін, егер шынайы әрі ашық бәсекелестік болғанда, олар депутат болмас та еді.
Мен сондай-ақ, олардың осындай ұстанымымен қандай сападағы заңдар жазып жатқандығы да мазалайды. Өйткені, егер бір ережеден бас тартуға дайын болсаң – басқаларын да бұзу ықтималдығың жоғары.
Депутаттардың өзіне тән нақты жазылған Этикалық кодексі немесе мінез-құлық ережелері, сондай-ақ тәртіптік бұзушылықтар мен санкциялар тізімі жоқ.
Біз олардың партиялары қандай құндылықтарды ұстанатыны туралы да естіген емеспіз (ал НЗМ құндылықтары жарғы мен стратегияда нақты көрсетілген). Әлде олардың партиялары “түсінікпен” өмір сүре ме?
Сондықтан, корпоративтік басқару жүйесі қалыптасқан құрылымға шабуылдағанша, алдымен өз тәртіптеріңізді реттеп алыңыздар. Мен депутаттардың Этикалық кодексін талқылау жөнінде қоғамдық пікірталас бастауды ұсынамын" деп жазды
Өмір Шыныбекұлы.
Фото интернеттен.