"Білім басқармасын сотқа бердім!" деген қоғам белсендісі әділдікті талап етті

"Білім басқармасын сотқа бердім!" деген қоғам белсендісі әділдікті талап етті

Қоғам белсендісі Бибек Қаныбек Алматы қаласының Білім Басқармасын сотқа бергенін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz. 

Бибек Қаныбекұлы өткен жылдың желтоқсан айында Оқу ағарту министрлігі мен Алматы қалалық Білім басқармасына "мектеп, балабақшалар үшін мемлекеттен қандай және қанша ақша бөлінеді" деген сауал жолдаған. 

"Менің сауалымды Оқу ағарту министрлігі Алматының Білім басқармасына жолдаған. Сауалымда білім мекемелері үшін мемлекет қандай кеңсе, шаруашылық, құрылыс тауарларымен қамтамасыз етеді?  Осындай заттарды бөлуге мемлекеттен қанша қаржы бөлінеді?

Осындай сауалдарыма Алматы Білім басқармасы әй-шәй жоқ өздерінің ешқандай коррупциялық тірліктерге қатысы жоғын айтып, ақталған жауабын жолдапты. 

Бұл қалай? Менің сауалым басқа, ал Басқарманың жауабы тіпті басқа. Алматы ББ сұрақтан бұлай жалтаруының себебін түсінемін. 

Себебі Басқарма бар шындықты жайып салудан қашқақтайды. Егер бар шындықты айтып, жауап берсе, ата аналар, педагогтар тарапынан сұрақ көбейетінін жақсы біледі. 

Білім саласындағы басшылар, мені қанша қорқытсаңыздар да, алған бетімнен қайтпаймын! Неге? Себебі білім саласында жарты миллионнан астам педагог қызмет етеді. Бұл мәселе сол педагогтардың мүддесін қамтиды. 

Мемлекеттен бөлініп жатқан қаражаттар тиісті жеріне жұмсалуға тиіс!" дейді Бибек Қаныбек. 

Өзінің парақшасында Бибек Қаныбек "мемлекеттен бүкіл мектептің кеңсе тауарларына, (оның ішінде қағаз, қаламға дейін бар) шаруашылық заттарға арнайы ақша бөлінетінін, мұғалімге ештеңе сатып алудың керегі жоғын алға тартады. 

Барлық жаңалықтар