Білім бөлімі жыл соңында марапаттау комиссиясын неге таратып жіберді?

Білім бөлімі жыл соңында марапаттау комиссиясын неге таратып жіберді?
Түркістан облысы, Жетісай ауданының Білім бөлімі марапаттау комиссиясын ешкіммен ақылдаспай, өз бетінше таратып жіберген деп жазады Democrat.kz.
 
Бұл туралы қоғам белсендісі Жұпарбек Тыңғозиев тарқатып айтып, алдағы уақытта құқықтық талабын қоятынын жеткізді. 
 
"Марапаттау комиссиясы: сұрақ көп, жауап аз
Жетісай ауданының білім бөлімі тарапынан марапаттау комиссиясының таратылып, қайта құрылғаны жөніндегі ақпаратты ресми түрде емес, бейресми дереккөздер арқылы естідім.
 
Аталған комиссия ресми бұйрықпен құрылғандықтан, оның таратылуы немесе құрамына өзгеріс енгізілуі де сол комиссия мүшелеріне ресми түрде хабарлануы тиіс.
 
Өкінішке қарай, комиссия мүшелері ретінде бізге бұл туралы алдын ала ескерту жасалмаған.
 
Сонымен қатар, комиссия төрағасының немесе жекелеген мүшелерінің жұмыстан босатылуы комиссияны толық таратуға құқықтық негіз бола алмайды, мұндай жағдайда тек комиссия құрамына өзгеріс енгізілуі қажет.
 
Марапаттау – әділдік пен ашықтықты талап ететін жауапты іс. Сондықтан мұндай шешімдер нормативтік талаптарға сай, ашық әрі түсінікті түрде қабылдануы керек деп есептеймін.
 
Комиссияның таратылуы мен қайта құрылуына байланысты қабылданған бұйрықтармен ресми түрде танысу құқығымды пайдаланатын боламын" дейді Жұпарбек Тыңғозиев. 
Барлық жаңалықтар