Тергеу әрекеттерінің басталғанын Қостанай облысының прокуратурасы ресми түрде растады. Істі ҰҚКД сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде деп жазады Democrat.kz.
Тергеу нұсқасы бойынша, ведомствоның лауазымды тұлғалары жергілікті мектептерге бөлінген ақшаны жымқыруға қатысы бар деп айыпталуда.
1 маусымда ҰҚК қызметкерлері іске қатысушылардың тұрғылықты жері мен жұмыс орындары бойынша тінту жүргізді. Дәл осы күні ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібімен «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшысы Г.А. Оразбаева ұсталды.
Оған ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде (алаяқтық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айып тағылып отыр. Қадағалау органы тергеу амалдарының жалғасып жатқанын атап өтті.
Оразбаева қалалық білім бөлімін 2021ж. қаңтар айынан бастап басқарып келеді, ал бұл тағайындауға дейін басшының орынбасары лауазымын атқарған. Ол білім беру жүйесінде жалпы алғанда 30 жылға жуық еңбек еткен.
Шенеунік өзінің еңбек жолын ауыл мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін әр жылдары әдістемелік жұмыстармен айналысқан, жалпы және орта білім беру мәселелерін үйлестірген, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық бөлімін басқарған.