"Білім саласын шай ішкіш апайлардан тазарту керек" дейді заңгер

"Білім саласын шай ішкіш апайлардан тазарту керек" дейді заңгер
Қоғам белсендісі, заңгер Марғұлан Ермағамбетұлы білім сапасына қатысты бір жайтты айтты деп жазады Democrat.kz.
 
"Білім сапасының төмендігіне бір себеп:
Осыдан бірнеше жыл бұрын өзім қызмет еткен Ұлттық экономика министрлігінің жанында Білім министрлігі бір ғимаратта болған еді.
 
Осы министрлікте көрген мына картинаны бір суреттеп өтсем. Білім министрлігінің департаменттердегі қызметкерлердің 80 пайызы (ринатовский цифра) әйелдер еді. Ал осының 80 пайызы бір креслоға мықтап отырып алған апайлар болды.
 
Бір қабатта болған соң дәлізде өткен сайын осы апайлардың ыдыс аяқты ұстап туалеттен көп шығатынын көретінмін. Көз болған соң байқайсың.
 
Бұл олардың таңғы, түскі, кешкі шәй ішу рәсімдері еді.
Өз басым қызметте шәй ішпейтінмін және қол астымдағы адамдарға да дастархан басында көп отырмауын талап ететін едім. Тайм менеджмент тұрғысынан бұл жұмыс сапасына кері әсер етеді.
 
Міне, білім министрлігінде, меніңше дастархан басында көп отыру көп болатын сияқты еді. Өйткені апайлар көп еді.
 
Тағы бір көрініс, сағат 18.00 болған кезде лифтіге осы “апайкалар” жүгіріп бара жататын. Ия, жұмыс уақыты біткен соң қызметкер еңбек кодексіне сәйкес үйге қайту керек.
 
Дегенмен, бізде бұл кезде жұмыс қыза бастайтын. Осыларға қарап қызығатынбыз.
Айтпағым мынау, білім сапасын көтеру деген ұранды топас та айта береді. Заман талабы қазір басқа. Индикаторлар да бөлек.
 
Жасанды интеллект басқарған уақытта қазіргі мемлекеттік қызметтегі менеджерлер де заман талабына икемделуі керек.
 
Алайда шәй ішу мен қажетсіз әңгіме айтудан қолы босамайтын, сонау кеңестік дәуірден келе жатқан апайкалар көп шоғырланған жерде қазіргі қазақстандық білімді жаһандық деңгейге шығару утопия болар деп ойлаймын…"деп жазды заңгер.
Барлық жаңалықтар