Қоғам белсендісі Жарқынбек Сейтінбет қазіргі білім саласындағы білім сапасына қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Қазақта "Балапанды күзде санайды" дегеніндей, қазір оқушылардың ҰБТ-да алған білімдері сыналуда.
Бұл ҰБТ деген шыққалы оқушылар кітап оқуды, ізденуді қойды. Оқушыны білімге, кітап оқуға, қоғам өміріне қызықтыра білетін мұғалім де қалмай барады. Мен дәлелдеп беремін, кейінгі 20-жылда мұғалім дипломын алғандардың 95% сол 11-сынып бітірген бойдағы деңгей, санамен, қалған.
Осы маусым айында қаладағы 80 мектепке жастар бағдарламасымен жіберілген педагог, мамандығын (орыс тілі 2024ж) М.Әуезов университетінде алған.
Соңғы ханды сұрасам, "Керей - Жәнібек" дейді. Өзі педагог, педагог тарихты білмейді.
Демократияның да не екенін білмейді.
Шымкент Білім басқармасына жастар бағдарламасымен жіберілген жастар да мектептен біліп шығуға тиіс сұрақтардың жауабын білмейді. Сонда мектеп, университет не оқытады?
Мысалы, дұрыстап оқытса, оқушы "демократия" сөзін өмірі ұмытпайды. Жаза берсем көп....
Тағы бір "кереметі".
Биылғы мамыр айында Шымкент Білім басқармасына барсам, дәлізде біраз оқушы тұр екен. Сұрастырсам олимпиадада жүлде алған.
Қыздар БИЛ - дің 11-сынып оқушылары және №24 мектеп оқушылары. Жандарында мұғалімдері мен әдістемелік орталық әдіскерлері бар. Енді білімді, жүлдегер оқушылар деп "Абылайхан жоңғар мен соғыста кіммен жекпе- жекке шықты" деп сұрадым. Білмеді.
"Демократия" сөзін сұрадым. Екі сұрақты да оқушылар, апайлары, әдіскер апайлары да білмеді.
Оқушыға айтпаса, оқытпаса қайдан білсін. Енді мұғалімдері мен Білім басқармасы әдіскерлері білмеген соң оқушыдан қалай талап етесің.
Мұғалімдердің санасы, 11-сынып кезіндегі деңгейімен қалды дегенім - осы. Білгенге ұлт ертеңі үшін бұл - өте-өте қауіпті. Мұғалімдерге сабақ беру әдісін үйретіп, бақылайтын Білім басқармасы әдіскерлерінің өзі де 11-сынып бітірген кезіндегі деңгейімен мен қалса...
Білімге100% реформа керек. Оны қазіргі "Оқу ағарту" мен "Жоғарғы оқу" министрлері, ұжымы жасай алмайды. Ол жерде де 11-сынып деңгейінде қалғандар отыр..... не істейміз? Айта-айта бізде қартайдық..." деп жазды Жарқынбек СЕЙТІНБЕТ.
Фото көрнекілік үшін.