"Білім саласындағы "тирандардан" мұғалімді кім қорғайды?" дейді белсенді ұстаз

"Білім саласындағы "тирандардан" мұғалімді кім қорғайды?" дейді белсенді ұстаз
Белсенді ұстаз Айнұр Сабыр мектеп басшыларының заңды белден басатын әрекеттері туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Таңмен инстаграмнан педкеңес туралы видео көрдім. Сағат 11-де басталған педкеңес үзіліссіз сағат түскі 2-де әлі болып жатыр екен. Соны бір мұғалім осы дұрыс па деп, видео салыпты.
 
Негізі 3-4 сағатқа жоспарлаған педкеңесті сағат 11-де бастаудың өзі қате. Адамның түскі ас ішетін уақытын ұрлаулары заңға да қайшы. Үзіліссіз педкеңес, әрі кетсе, 2 сағаттан аспауы тиіс.
 
Егер екі сағаттан асар болса, арасына үзіліс қойып, қатысушылардың кофе ішіп, бой жазып алуын да қоса жоспарлаған дұрыс. Екі сағаттан артық тапжылмай отыратын педкеңестердің заманы баяғыда өтті ғой.
 
Бұл видеода маған қорқынышты боп көрінгені 3-4 сағаттық педкеңес емес, видеоға жазылған пікірлер болды. Суреттерін салайын.
 
Мынандай мұғалімдер тұрғанда, білім саласындағы "тирандардан" бізді Президенттің өзі де құтқара алмайды.
 
Оқу ағарту министрлігі, әсіре ақылды директорларға педкеңес өткізудің тәртібін үйретіңіздер"деп жазды Айнұр Сабыр. 
Барлық жаңалықтар