Журналист Оңғар Қабден Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы кей мектептерде болып жатқан былықтарға қатысты оқырманынан келген хатты жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Миллиондар жоқ, мектеп те жоқ: Абылай хан атындағы мектепке бөлінген 655 миллион қалай жоғалды?
Еңбекшіқазақ аудандағы екі мектептің күрделі жөндеу тарихы — сыбайлас жемқорлықтың айқын көрінісі.
Қажетті қаржы 2023 жылы толық бөлінгенімен, нысандар әлі күнге 2025-2026 оқу жылы басталғанда да әлі бітпеген.
Абылай хан атындағы №4 орта мектеп
• Мемлекеттік сараптама: 27.05.2021, №06-0150/21
• Жобаның жалпы сомасы: 655 921 000 теңге
Бұл қаржы толық төленген.
Алайда күрделі жөндеу жұмысы басталмай жатып-ақ қаржы бітіп қалған деген сылтаумен Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Беспаева Салтанаттың ұйымдастыруымен Булекбаева Заринаның ұсынған мердігерлерімен осы жұмыстар басталған.
Бірақ басталмай жатып тағыда қосымша қаржы сұрап аяғы осылай жалғасуда.
• Мектептің қабырғасы әлі сыланбаған, ішкі жұмыстары жүргізілмеген. Мектеп 2025-2026 оқу жылына дайын емес.
Абай атындағы қазақ орта мектебі (Шелек)
• Мемлекеттік сараптама: 16.02.2022, №18-0022/22
• Жоба сомасы: 516 185 000 теңге. Оған мектеп шала бітті. Бірақ мектеп жанындағы интернат мүлде жасалмаған. Оған бөлек 1 333 496 000 теңге бөлінген.
Абай (Шелек) атындағы мектептің қосымша ғимараты
• Мемлекеттік сараптама: 11.03.2022, №18-0045/22
• Жобаның жалпы сомасы: 1 333 496 000 теңге
• Қажетті сома: 1 848 981 000 теңге деп айтқан мердігер. 1 333 496 000 теңге қайда кетті?!
Неге бұл қаржы мақсатсыз жұмсалды. Артында кім тұр мердігердің?!
Ұзаққа созылған жөндеу – оқушылар зардабы
2023 жылы басталған жөндеу жұмыстары үш жылдан аса уақыт бойы бітпей келеді. 2025 жылдың тамызында да мектептер пайдалануға берілген жоқ.
Оқушылар әлі басқа ғимараттарға таратылып оқуда, кейбірі апатты бөлмелерде білім алуға мәжбүр.
Аудан бойынша 86 білім беру мекемесі сұйық отынмен, 7 мекеме көмірмен жылытылады. 197 балабақша тағыда бар. 283 мекемеге бөлінген сұйық отынның үштен бір бөлігі жоқ.
Бұл салаға жауапты — Арайлым Толубекова болған, ал бұрынғы жауапты қызметкер басқарма басшысы Беспаева С. сұйық отынның жауаптарын бермей-ақ қызметтен кеткен.
• Толық төленген Абылайхан атындағы мектептің «655 921 000 теңге қаржысы» қайда жұмсалды?!
• Қаражат бітіп қалғанын айтып, қосымша ақша сұраған мердігердің әрекеті неге тексерілмейді?!
• Абай атындағы орта мектептің «жалпы сомасы: 1 333 496 000 теңге қаржысы» қайда жұмсалды?!
• Аудандық білім бөлімі мен әкімдік неге бақылау жүргізбеді?! Арайлым Толубекова осыған неге жауап беруден қашады?!
“Патриоттық сезім” ұранымен ақша жинау:
Еңбекшіқазақ білім бөлімінің жаңа жемқорлық айласы ма?
2024 жылғы 22 мамырда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының “Райымбек орта мектебінде” өткен мектеп директорлары жиналысында білім бөлімінің бұрынғы басшысы Толеубекова Арайлым Аксубаевна “Патриоттық сезіммен” атты акцияның басталғанын жариялады.
Акцияның мақсаты — Абылай хан, Абай (Шелек), Рахат (жаңа) мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарына “атсалысу”. Арайлым Аксубаевна ұстаздарға: “Патриоттық сезімің болса, көрсет!” деген үндеу тастаған екен.
Жиналыста қатысып отырған аудан әкімінің орынбасары Ертай Сұлтанәлиевич бұл бастаманы “керемет” деп бағалап, тіпті таң қалып, толқығанын да жасырмапты. Осы бастаманы толық қолдайтынын да айтқан екен.
Мұғалімдер сол кездегі «бұл акцияның» ерікті емес, міндетті сипатта екенін айтады.
Білім бөлімі жазғы жөндеу жұмыстарын жылда тездетуді талап ететін көрінеді. 2022 жылдан бастап бөлім басшылары қажетті материалдар (бояу, құралдарын) бермейді.
Бірақ сыныптарыңды әктеп сырламасаңдар еңбек демалысына шықпайсыңдар деп, қатаң ескертеді деп отыр. Өз қаржымызға аламыз дейді. Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімдерінің мамандары мен мұғалімдері тек қана ренжитіндері барлық облыста осы материалдар беріледі тек қана Алматы облысына жетпей жатады сол бізді қынжылтады деп отыр.
Биыл Толеубекова Арай “өздерің жасаңдар” деп нұсқау берді, сұрасақ бояу құралдарын өзімізді ұрсып қуып шығады деп отыр.
Мұндай әрекеттердің барлығы — С.Д. Беспаева басқарып отырған кезде білім бөлімдерінің жемқорлықтан арылмағанын көрсетеді. Толеубекова Арай осылайша бір жағынан, балаларға “адал бол, жемқорлықпен күрес” деп тәрбие сағатын өткізеді, ал екінші жағынан — басшы лауазымын пайдаланып қарапайым ұстаздардың ақшасын заңсыз алудың жолын ойлап тапқан екен.
• “Патриоттық сезім” деген ұранмен қанша ақша жиналған?! Ақша қайда және қалай жұмсалады?!
• Мұғалімдерден жиналған қаржы ресми құжаттарда қалай рәсімделеді?!
• Бұл әрекет ҚР заңнамасына қаншалықты сай?!
Бір ұстаздың сөзімен айтсақ:
“Кейде мұғалім болғаныма ұяламын. Біз балаларға адалдықты үйретеміз, ал біздің басшыларымыз сол балалардың болашағы үшін бөлінген қаржыны жейді”.
Алматы облысының білім басқармасына 2022-2025 жыл аралығына үлкен тексеріс қажет.
Бұл – тек қана қаржының емес, халық сенімінің де ұрлануы!
Р.S. Еңбекшіқазақ ауданының ұстаздарынан келген хатты сол қалпында жарияладым" деп жазды
Оңғар Қабден.