Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші Мақпал Жүнісова алғашқы махаббаты туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Алғашқы махаббатымды ұмытпадым әлі. Бесінші сыныпта оқып жүргенімде Қанат Кәрібозов деген баланы жақсы көрдім.
Өте сұлу бала еді. Сол бала ақыры маған бұйырмады. "Гүлдер" ансамбліне келгенімде ол әскерден келді.
Сол кезде Қабдеш деген досын жіберіпті, "Қанат сізге тез келсін деп жатыр" деп.
"Әй, Бимақаев, оған айт, бір жыл шыдасын. Мен жаңадан "Гүлдерге" келдім. Біраз еңбек етейін дедім. Бір жылдан кейін барам, үйленеміз дедім.
Шыдамады. "Кетсең де шалғай" деген әнді соған арнап, жылап айтқанмын" деген Мақпал Жүнісова алғашқы махаббатының қайтыс болғанын жеткізді.