Масқарасы шыққан Нахчыван Автономиялық Республикасы Жоғарғы Мәжілісінің 4-ші Йенгиджи сайлау округінің бұрынғы депутаты Әли Аббасов өзін депутаттық мандатынан айыру туралы шешіммен үзілді-кесілді келіспейтінін мәлімдеген деп жазады Democrat.kz.
Депутат бұған дейін атышулы жанжалдың ортасында болған. Алайда ол депутаттық мандатты үшін соңына дейін күресуге дайын екенін көрсетті.
Әли Аббасов мас күйінде таныс келіншектің үйіне кіріп, әдепсіз ұсыныс жасаған. Осы сәтте келіншектің күйеуі келіп қалып, депутат терезеден қашып шығады.
Әйтсе де, келіншектің күйеуі оны қуып жетіп, сол жерде елдің көзінше масқарасын шығарады. Ашуын тежей алмаған еркек қаруланып барып, депутаттың үйінің "шағын қағады".
Құзыретін пайдаланып, көңілі ауған кез келген келіншекті құшағыма адам десе керек, депутаттың арсыз әрекеті сотқа дейін жетеді.
Жоғарғы сот оны депутаттық мандаттан айыруға үкім шығарған.
Qafqazinfo хабарлағандай, масқарасы шыққан экс-парламент өкілі Жоғарғы Сотта Нахчыванның Орталық сайлау комиссиясының шешіміне ресми түрде шағымданды.
Бұрынғы халық қалаулысы өзінің талап арызында оның мандатын қайтарып алу процедурасы мүлдем негізсіз болғанын талап еткен. Әйтсе де сот үкімі күшінде қалды.