Бірінші сыныпқа құжат өткізу мәселесі ушығып барады: Министр Жұлдыз Сүлейменова неге үнсіз?

Бірінші сыныпқа құжат өткізу мәселесі ушығып барады: Министр Жұлдыз Сүлейменова неге үнсіз?

Биылғы бірінші сыныпқа баруға тиіс оқушылардың құжаттарын тіркеу мәселесі ушығып бара жатыр деп жазады Democrat.kz.

Threads әлеуметтік желісінде бірінші сыныпқа баратын баласының құжаттарын тиісті мекенжай бойынша тіркей алмаған ата-аналар наразылығын білдіруде.

"Тұрақты мекенжайымыз Байтұрсынұлы 61. Микроучаске бойынша Бинам мектебіне қараймыз. Алайда баланың құжаттарын арнайы платформада тіркей алмай отырмыз.

 1414,109 жедел желі нөмірлерін хабарласқанымызбен, мардымды жауап ала алмай отырмыз. Ал Оқу ағарту министрлігі қоңырауларға жауап бермейді. 

Бізді басқа мектептер микроучаскеге жатпайды деп оқуға алмайды. Бұл қалай болғаны? Не істемек керек?" дейді ашынған ата-ана. 

Осыған ұқсас жағдайды басқа да желі қолданушылар көптеп жазуда. Заң бойынша мектептің микроучаскесіне тиесілі баланы мектеп бірінші қабылдауы керек емес пе? 

Оқу ағарту министрлігі бұл мәселе бір аптадан бері шу тудырып, көтеріліп жатқанына қарамастан, ешқандай ресми түсініктеме бермей отыр. 

Бүгін құжаттары қабылданбаған баланың қыркүйекте жағдайы қалай болмақ? Оқу ағарту министрлігі мәселені дер кезінде шешпесе, наразы ата-аналар бұны жылы жауып қоймасы анық. 

 

Барлық жаңалықтар