Ораза айының қарсаңында діндар Жанәділ Райымбеков әдеттегідей уағыз айту кезінде биылғы жәннатқа кіру бағасын да айтып өтті деп жазады Democrat.kz.
"700 мың теңге бересің, жеті миллиардтың проблемасын шешесің. 700 мың бересің, сондай проблемадан құтыласың.
700 мың бересің, жәннатты сатып алды деген пайғамбардың сөзі бар. Жәннатты сатып алатын адамдар болады.
Қажылыққа жеті мың доллар ақша беріп, олар жәннаттық болып келеді. Олар жәннатты сатып алғандар. Жәннатты тірі кезінде сатып алғандар олар.
Олар құдай үшін берген ақшасын міндет етпейді" дейді Жанәділ Райымбеков.