Биыл оқушылар желтоқсанда демалысқа шығады

Биыл оқушылар желтоқсанда демалысқа шығады

Еліміздегі мектептерде оқушылардың қысқы демалысының уақыты анықталды, деп хабарлайды Democrat.kz.  сайты BAQ.KZ -ке сілтеме жасап.

Биылғы оқу жылындағы академиялық күнтізбе бойынша екінші тоқсан сегіз аптаға созылады, ал қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады. Жалпы демалыс ұзақтығы – 10 күн.

Бірінші сынып оқушылары дәстүр бойынша қосымша демалысқа шығады. Олар үшін арнайы үзіліс 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында беріледі.

Үшінші тоқсан он аптаға жоспарланған. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19-29 наурыз аралығында өтіп, оқушыларға 11 күндік демалыс ұсынылады.

Төртінші тоқсан сегіз аптаға созылып, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Айта кетейік, биылғы күзгі каникул 27 қазан – 2 қараша аралығында өтті. Сонымен қатар 2025-2026 оқу жылының ресми аяқталу күні 25 мамыр 2026 жыл екенін еске саламыз.

Барлық жаңалықтар