"...біз ібіліске әскер бола аламыз" деген Ақжүніс қоғамды дәл суреттеп берді

"...біз ібіліске әскер бола аламыз" деген Ақжүніс қоғамды дәл суреттеп берді

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы "Біз осы не істей аламыз?" деген депутат Еділ Жаңбыршиннің сұрағына жауап берді деп жазады Democrat.kz.

"Адамды емдей алмасақ?

Киноны түсіре алмасақ?

Сапалы білімді бере алмасақ?

Ғылымды дамыта алмасақ?

Ауылшаруашылықты келістіре алмасақ?

Киімді тіге алмасақ?

Энергетиканы реттей алмасақ?

Жолды сала алмасақ?

Суды үнемдей алмасақ?

Байлықты пайдалана алмасақ?

Машинаны жасай алмасақ?

Табиғатты таза ұстай алмасақ?

Дінді түсіне алмасақ?

Дананы бағалай алмасақ?

Баланы тәрбиелей алмасақ?

Жақсыны қадірлей алмасақ?

Жаманды ажырата алмасақ?

Тентекті тия алмасақ?

Тілді құрметтей алмасақ?

Ұлы тарихымызды түсіне алмасақ?

Ел болып біріге алмасақ?

Ең азы әуежайды басқара алмасақ?

Сонда, қолымыздан не келеді, ағайын?!

(Көкейдегі сауалды Еділ Жаңбыршин жазды...)

 

Мен жазамын:

Біз өсек айта аламыз.

Біз өтірік айта аламыз.

Біз қызғана аламыз.

Біз көреалмаушылықтан өле аламыз.

Біз мақтана аламыз.

Біз даңғойлана аламыз.

Біз той жасай аламыз.

Біз сатқындық жасай аламыз.

Біз аяқтан шала аламыз.

Біз бәле жаба аламыз.

Біз жала жаба аламыз.

Біз жақсылық жасаған адамға боқ жаға аламыз.

Біз сумаңдап сөйлей аламыз.

Біз ән айта аламыз.

Біз би билей аламыз.

Біз той тойлай аламыз.

Біз арақ іше аламыз.

Біз темекі шеге аламыз.

Біз досты сата аламыз.

Біз туысты сата аламыз.

Біз жерді сата аламыз.

Біл елді сата аламыз.

Біз баланы сата аламыз.

Біз бір-бірімізбен төбелесе аламыз.

Біз бір-бірімізді пышақтап, атып өлтіре аламыз.

Біз Құдайдың жұмағын сата аламыз.

Біз Құдаймен жағаласа аламыз.

Біз.... қысқасы ібіліске әскер бола аламыз..." деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Барлық жаңалықтар