"Бізге еркектерді қорғайтын министрлік керек" деп үндеу жасады журналист

"Бізге еркектерді қорғайтын министрлік керек" деп үндеу жасады журналист
Танымал журналист Ербол Мәндібек елімізге "Еркектер министрлігі" керек деп үндеу тастады деп жазады Democrat.kz.
 
"Елімізге "Еркектер министрлігі" керек. Бұл ведомствоның жұмысы өте маңызды. Ол жайында кейінірек. Әуелі негізгі әңгімені айтайын.
 
Дариға Бадықованың күйеуі сұхбат беріпті. "Әйелім кинодан 1 миллиард теңге тапқан соң өзгеріп, мені менсінбей кетті",-деп отыр.
 
Адамды ақша бұзатыны рас. Сондықтан,
аяқ астынан, күтпеген жерден болатын байлыққа ертерек дайындалып жүріңіздер. Мысалы, қолыма 10 миллион түсіп қалса не істеймін, 30 миллион тауып алсам не істеймін, 50 миллион болғанда өзімді қалай ұстаймын деген сияқты. Себебі кедейлерге көп ақша ұстау өте қауіпті.
 
Ал енді Дариғаның жағдайын түсінуге болады. Миллион емес миллиард. Мұндай мол ақшаның иісі әлгі Әчәу (Очоу) деген әртістің арам етін тірілткен сыңайлы.
 
Былай қарап тұрсаң ол жігіттің әрекеті мігіттік. Себебі, заңды күйеуі бар әйелге әуестену позордың потологы. Қазақ еркектерінің жазылмаған заңына өрескел қайшы.
 
Осыған орай, Қазақстанда Еркектер министрлігін құру кезек күттірмес мәселе. Жаңа ведомство бірінші кезекте
"Еркектердің ұрғашылармен ұшырасу және қарым-қатынасы туралы" Заң жобасын әзірлеп Парламенттің пленарлық отырысына шығаруы тиіс.
 
Жылқышыбайдың алдында жылап отырған Дариғаның күйеуі еркектерге қатысты мәселенің қоясын қотарған сыңайлы. Сіздер қалай ойлайсыздар? Елімізге Еркектер министрлігі қажет пе?
 
Егер иә десеңіз, бұл салаға кім министр болғаны дұрыс деп ойлайсыз?
Айтпақшы, суреттегі бетке ұстар еркек әртістер Қайрат пен Очоу. Екеуі вальс билеп жүр. Еліміздің еркектер министрлігі осындай сорысуға шақ қалған сорақылық жөніндегі заңдарды қамтамасыз етуі тиіс..."деп жазды журналист. 
Барлық жаңалықтар