Блогер Димаштың ресторанын сынап, масқара етті

Блогер Димаштың ресторанын сынап, масқара етті

Блогер Азамат Айталиев Димаш Құдайбергеннің қазақы стильдегі мейрамханасы "Дайдидауды" сынап тастады деп жазды Democrat.kz. сайты  Stan.kz -ке сілтеме жасап.

 

Блогер Tiktok желісінде видео жариялап, елордаға келген сайын Димаш Құдайбергеннің мейрамханасына келетінін айтты.

“Ұрыс-керіс! Димаштың Астанадағы мейрамханасы “Дайдидауда” айғай-шу”, – деп жазды ол желідегі парақшасында. 

Оның сөзінше, мейрамханада тапсырыс берген тағамы мәзірдегідей болмаған. Оған қоса, даяшының әкелген тәрелкелері де таза емесін де жазды.

“Бұл менің сүйікті мейрамханам, ал сіз маған лас тәрелке әкеліп тұрсыз. Тағамның түрі мәзірдегі суреттегідей болуы керек емес пе? Қараңызшы, суретте қандай әдемі, ал маған әкелген тағамыңыз қандай. Бешбармақтың қамыры өте дәмді, сөзім жоқ, бірақ еті өте құрғақ. Бұл мұндай мейрамхана үшін үлкен минус. Ал қазы өте салқын, тоңазытқыштан алып, бере салғандай”, – дейді блогер видеода.

Барлық жаңалықтар