"Блогер, журналистердің бұл әрекеті - сотқа жасалған қысым" дейді Өмір Шыныбекұлы

"Блогер, журналистердің бұл әрекеті - сотқа жасалған қысым" дейді Өмір Шыныбекұлы
Шымкент қаласында әкімнің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембайға қатысты сотқа пост жзып жатқандар сотқа қысым жасап жатқан жоқ па? Осы мәселе бойынша белсенді педагог Өмір Шыныбекұлы арнайы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Шымкент сотында қаралып жатқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденовке қатысты қылмыстық іс еліміздің сот-тергеу, прокуратура органдары үшін үлкен сынақ болғалы тұр...
 
Кешелі-бері журналистер мен блогерлер тараптардың бірін ақ, екіншісін қара деген сыңайда постарды бұрқыратып жатуын өз басым сотқа жасалған қысым деп есептеймін..
 
Зардап шегуші Р.Берденовтің өз көзқарасын фейсбукте егжей-тегжейлі баяндаудың орнына сол сөздерді сот отырысына қатысып, айтқанда желідегі "пікірталас" мұншалықты өрбімес еді деп ойлаймын..
 
Вердиктіні сот, тек қана сот шығаруы керек екендігін блогер білмесе де, кәсіби журналистер білсе керек-ті..⁉️
Назар аударатын меніңше аса маңызды тағы бір мәселе бар...
 
Ол сотта "саяси қызметкерге қарсы куәлік бер" деген сөздің айтылып, іске қала әкімі Ғ.Сыздықбековті араластыру әрекеті болды..
 
Естеріңізде болса, өткен айда сотталған Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы Ғ.Жұмашевтің сотында да "оған ОАМ министрі Ғ.Бейсембаевқа қарсы куәлік бер деген қысым жасалыпты-мыс" деген әңгіме айтылып еді..
 
Шынында да кейбір тергеушілер атын шығару үшін немесе әлдебір тапсырыс орындап, сондай қадамдарға барып, күдіктілерге сондай қысым жасауы мүмкін деген версияны шетке ысырып тастамай, сот-тергеу органдары тарапынан мұқият зерттеліп-зерделенуі тиіс..
 
Қалай болғанда да бұл істің резонансы Бишімбаев пен Шерзат ісінен кем болмайын деп тұр.
Сондықтан Жоғарғы сот бұл істің барысына мүдделі тараптардың түрлі жолдармен араласуының алдына берік тосқауыл қояды деп үміттенеміз.." деп жазды Өмір Шыныбекұлы. 
 
Барлық жаңалықтар