Танымал блогер, "Жузефина" атымен танымал Жұлдыз Жауынбаева сүйіктісі мемлекеттік қызметкер болғаын және ол еркектен көресіні көргенін айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Кезекті бір сұхбатында басынан өткен сұмдық жағдай туралы баяндаған блогер Жузефина: "Менің мемлекеттік қызметкер болып жұмыс істейтін сүйіктім болды.
Біраз уақыт бойы кездесіп жүрдік. Бір күні ол басына іс түскенін айтып, көңіл күйі болмай, мұңайып отырды.
Айтпасына қоймай, сұрап, ақырында оның төрт миллион қарызға кіріп кеткенін білдім. Әншейінде ешкімге қарыз бермеймін. Берсем де, кепілдікке зат алатынмын. Сол күні әлгі еркекке екі миллион теңгені өзім санап бере салдым.
Арада біраз уақыт өткенде, бір күні ол үйіме келді. Біраз уақыт үйімде отырып, мен ауырып тұрған соң, тезірек қайтып кетті.
Сол күннен кейін ол хабарласуын азайтты. Мен хабарлассам, дұрыстап жауап бергісі келмейді. Не керек, мен одан қарызға берген ақшамды сұрай бастадым.
Әне берем, міне берем деп жүріп уақыт соза бастады. Бір күні шыдамай, полицияға арыз тастадым. Істі жапқызып тастады. Сосын жігіттерге айттым. Сөйтсем, әлгі сүйіктім үйіме келіп, есігімді тоқпақтап, мені әбден қорқытты.
Далаға шығуға қорқып қалдым. Бірнеше күннен кейін далаға шығып, көлігіме отырғалы жатқанымда, әлгі жігіт күтпеген тұстан шығып, аямай сабап тастады", деген блогер шенеунік жігітінен әрең құтылғанын айтады.
Блогердің мемлекеттік қызметкер жігіті тек ақшаға ғана қадамапты. Үйіне келген күні қымбат заттарын да ұрлап кеткен екен.