Блогер Қыдырәлі Болмановтың жұрт білмейтін құпиясын ашып қойды

Блогер Қыдырәлі Болмановтың жұрт білмейтін құпиясын ашып қойды

Блогер Эльвира Батырқызы продюсер Қыдырәлі Болманов туралы ел білмейтін оқиғасын жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Жақында қаламыздың белді бір кәсіпкері мені арнайы кездесуге шақырып, @kydyrali_bolman Қыдырәлі Нұртайұлы жайында естелік әңгімесін айтты. Осыдан шамамен 25 жыл бұрын болған жағдай екен, бірақ ол кісінің жүрегі тебірене айтқанына қарап, сол бір сәттің жанға берген жылуы әлі де өшпегенін байқадым.

Әңгімесін маған аманат етіп айтып, ағайға жеткізуімді сұрады. Аманатқа қиянат жасамай, естігенімді тек ағайға емес, сіздерге де айтпақпын. 

— Жас кезім, әрі кетсе, 20-25-те шығармын. Отбасымыз қиындыққа тап болып, сіңлім жол апатына түсті. Біраз уақыт төсекке таңылып жатты. Ол кезде “АБК” тобы гүрлеп тұр, сіңлім бәріміз солардың фанаты едік. Бірде олар Атырауға келді. Сіңлімнің дос-құрбыларының бәрі концертке кетті, ал біздің қыз еңіреп үйде жатты. Бауыр ондайға шыдай ма, ұятты қойып, ебін тауып театрдың гримеркасына кірдім. Жігіттерге жағдайды айтып, үйге шақырмақпын. Медеуге айтып ем, шақырып қойған жері барын айтып, бірден бас тартты. Ерлан да: “Медеу сізге айтты ғой, бос емеспіз”,-деді. Ар жағында бәрін Қыдырәлі естіп тұр екен. “Жүріңіз, мен барам”,- деді ғой. Содан үйге барып, сіңліме ән салды. Түс көргендей болдық. Мен де, ол да сенер-сенбесімізді білмедік, естігендер тіптен сенбеді. Қыдекеңнің жұлдызы жарқырап, бағы жанғаны — сол қарапайым болмысының, кең жүрегінің, кішіпейілдігінің арқасы ғой деп ойлаймын. Аман жүрсінші! - деп аяқтады ол әңгімесін. 

Атақ, даңқ деген нәрселер анау-мынау адамды шалқайтып жібереді ғой. @kydyrali_bolman әуел бастан ондайдан алыс адам болғанына көзім жетті.
Одан бері талай биікті бағындырды, бірақ ол көрерменінің алдында аласа қалпында. Сонысымен де биік. Ондай адамды халық өзі-ақ көкке көтереді.

Ағай жайындағы осы бір естелік оған деген құрметімді одан сайын арттырды.

Жасай беріңіз, жақсы адам!"деп жазды блогер. 

Барлық жаңалықтар