Блогер қыз сәбиінің құжатына "Салтанатұлы" деп жаздыртты

Блогер қыз сәбиінің құжатына "Салтанатұлы" деп жаздыртты

Ақтаулық танымал блогер жаңа туған сәбиінің "әкесі" деген жеріне өз атын жаздырып, "Салтанатұлы" деген туу куәлігін алды деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, "күйеуімді басқа әйелмен ұстап алдым" деп елді шулатқан ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова таяуда сәбилі болған еді. 

Блогер ұлының туу куәлігіндегі "әкесі" деген жерге өз атын жаздырып, "Алға Салтанатұлы" деп құжат алғанын әлеуметтік желіде жариялады. 

Фейсбук қолданушысы Ерлан Матаев бұл үрдіске қатысты: ”Бұл әлем қайда барады деген осындайда айтыла ма, ағайын?!

Қайда барып оңамыз мына түрімізбен?”, — деп жазды.

Ал тіл маманы Назгүл Қожабек керісінше блогердің бұл ісін қолдады.

Негізі, қызық құбылыс. Бала екі адамнан тең жаралады, тек ол анасының құрсағында, анасының бойындағы бары мен нәрін алып жетіледі. Анасының омырауын еміп өседі. Ал тегіне келгенде, «ойбай, әкесінің атын беру керек» дейміз. Сонда, әйел — тек біреуге бала өсіріп беруші инкубатор ғана болғаны ма?
Осы жағын кейде ойлап қояйықшы. Әйел тоғыз ай көтеріп, тоғыз сағат толғатып баланы тапқанда — жақсы да, өз атына жаздырғанда — бәле бола қалады екен, а”, — деп жазды Назгүл Қожабек.

Барлық жаңалықтар