Блогер Сабина жаңа әніне айтылғын сынға жауап берді

Блогер Сабина жаңа әніне айтылғын сынға жауап берді

Танымал блогер Сабина блогерлердің неге әншілікке бет бұрып жатқаны туралы сын-пікірлерге жауап берді деп жазады Democrat.kz.

Сабинаның айтуынша, ол соңғы он жыл бойы блогерлікпен айналысып, осы сала арқылы табыс тапқан. Алайда уақыт өте келе бұл бағыттан шаршағанын жасырмады.

 

«Мен 10 жылдан бері әншімін. Блогерлік арқылы ақша таптым, бірақ қазір бұл саладан шаршадым. Сондықтан әншілікті қайта қолға алдым. Себебі менде дауыс бар, вокалды тастап кеткім келмейді», – деп түсіндірді ол.

 

Блогердің бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Кейбірі оның шешімін қолдаса, енді бірі блогерлердің жаппай өнерге келуін сынға алуда.

Барлық жаңалықтар