Бірнеше күннен бері "семіздік" мәселесі бойынша желіде бір бірімен дауласқан атыраулық блогер Заида Онуора мен әнші Меруерт Түсіпбаеваның мәселесі ушығып барады деп жазады Democrat.kz.
Естеріңізде болса, бірер күн бұрын блогер Заида өзіне "арықтау керек" деді деп әнші Меруерт Түсіпбаеваға видео жолдау жасаған болатын. Арада көп уақыт өтпей, блогер үстінен полицияға арыз түскенін айтып: «Бүгін маған полициядан хабарласып, оның үстімнен арыз жазғанын айтты"деп мәлімдеді.
Әйтсе де, әнші Меруерт шағым түсірмегенін айтып, "өтірік, хайп жасап отыр,көрсетсін шағымды" деп талап етті.
Кеше кешірек блогер Заида әншінің жазған шағымын көрсетіп, тағы мәлімдеме жасады.
"Бүгін таңертен тұрсам, мамам, апа-сіңілілерім жазыпты, ойбай Меруерт Түсіпбаева заявление жазбадым деп жатыр ғо деп. Заявлениесін осы видеода көрсеттім. Өзінің не жазып не қойғанын ұмытып қалған-ау шамасы.
Мені балағаттап жазғанымен қоймай, үстіме заявление жазып, оны жазбадым деп мойындамай отырған адамға сөзім шығын. Хайп деп қоймайды ғо, басқасы басқа дәл осы Меруерттің атымен хайп қумайтын шығармын. Ел тіпті не өлең айтатынын естеріне түсіре алмай қойды, она буквально восстала из пепла как птица феникс. Мен шығар қайта оған хайп жасап, кішкене атын дүр сілкіндіріп алғаным. И то, мені семіздік жалқаулық деп жазған сөздеріне игнор жасап, мән бермедім. Қоймай қойған өзі. Еще бұны біреу жіберіп отыр дейд, кому она задалась, сама начала, сама загнала себя, сама написала заявление, сама отрицает.
“Жындымен жынды болма” деген қазақта әдемі сөз бар. Бұл кісіге встречный жазып, бықсып отыратын уақытым да жоқ, желанием де жоқ. Осымен Меруерттің тақырыбы мен үшін жабық""деді блогер.
